Page 11 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ 3-СЫНЫБЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ
ДАМУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ОҚУ
ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арнайы мектептердің бастауыш сыныбында «Оқу
және тіл дамыту» пәні түсіндірмелі сабақтар ретінде
ұйымдастырылады және оқушылардың саналы, дұрыс,
мәнерлеп, жүгірте оқу дағдыларын дамыту, табиғат пен
қоғам туралы бастапқы мәліметтерді хабарлау, сондай-
ақ оқушыларды адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу
special.edu.kz. special.edu.kz.
міндеттерін алға қояды. Түсіндіре оқыту – үзілістер мен ин-
тонацияларды ескеру, логикалық екпін, қаратпа сөйлеу ин-
тонациясын сақтау. Әсіресе, мәтіннің мазмұнын қарастыруға
көп көңіл бөлінеді, түсініктер ашылып, нақтыланады,
жеке сөздердің мағыналары анықталады. Жаңа сөздерді
түсіндіргенде тұрмыстағы күнделікті қолданып жүрген зат-
тармен байланыстыра немесе суреттер, интербелсенді
тақтаны пайдаланып көрсетеді.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларын
оқыту оларды әрі қарай оқытып дамытуға арналған. 1-сы-
ныпта сауат ашу кезеңінде әріптермен танысып, 2-сыныпта
алған білімдерін одан әрі қарай толықтырып дамытады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
3-сыныпта оқушылар буыннан толық сөздерді оқуға
көшеді. Дұрыс оқуды қалыптастырудың ең қолайлы кезеңі
1-3-сыныптар, өйткені ол кезде оқушылар әріптеп оқудан
буындап оқуға, содан кейін толық сөздермен оқуға көшеді.
3-сыныпта оқушылар шағын мәтіннен бастап, күрделіге
қарай ауысады. Бұл кезеңде мұғалімнің мәтінді дұрыс оқуға
мән беруге мүмкіндігі бар. Балаларда дұрыс оқу дағдысын
қалыптастырудың тиімді жолы қиындық тудыратын буын-
дар мен сөздерге байланысты күнделікті жаттығу матери-
алдарымен жұмыс жүргізу. Мысалы: ұқсас буындар мен
сөздерді ажырат:
special.edu.kz. special.edu.kz.
9