Page 16 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 16

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           3-сыныптың екінші жарты жылдығынан бастап оқушылар
           мазмұны жағынан күрделі емес мәтіндерді оқып, оқылған
           мәтіннің мазмұнын мұғалімнің көмегі арқылы айтып береді.
           Мысалы: «Тәтті алма» ертегісін күрделіліктің үшінші дең-
           гейіндегі тапсырманы орындайтын сыныптағы оқушылар
           оқып, мұғалімнің қойған сұрақтары негізінде мазмұнын
           айтып береді. Ертегі мазмұнын айту кезінде оқушылар қо-
           сымша суреттер немесе интербелсенді тақтаның көмегіне
           сүйенсе де болады.
              Арнайы мектеп оқушыларының өздері оқыған материал-
           дарын түсіне білуін қалыптастыру қаншалықты қиын болса
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           да, арнайы жұмыстардың көмегімен қалыптастыру қажет.
           Бағдарламада осы жұмысты бастаудың оңтайлы мерзі-
           мін үшінші сыныптың екінші жартысында белгілейді, бірақ
           дайындық жұмыстары бірінші сыныптап бастап жүргізіледі.
           Осы уақытқа дейін балалар, негізінен, толық сөздерді оқу
           техникасын меңгереді. 3-сыныпта оқуға арналған мәтіннің
           мазмұны мен буындық құрылымы жағынан қарапайым
           болуы тиіс.
              3-сыныпқа арналған оқулық пен жұмыс дәптеріндегі
           тапсырмалар алдында айтып өтілген күрделілігі жағынан
           бірдей емес. Әр тапсырма баланың мүмкіншілік деңгейін
           ескере отырып құрылған. Оқулықта берілген тапсырмалар
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           мынандай түрде болады:
              1. Сурет бойынша әңгімеле.
              2. Мәтіннен сұрақтың жауабын тауып оқы.
              3. Өлеңге сүйеніп көктем мезгілі туралы әңгімелеп бер.
              4. Тірек сөздердің көмегі арқылы сөйлем құра.
              5. Мәтіндегі кейіпкерлердің сөзін рөлге бөліп оқы.
              6. Мәтіндегі кейіпкердің орнында болсаң, сен не істер
           едің?
              7. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқып бер.
              8. Өлеңнен өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал.
              9. Мәтіндегі мақалдың мағынасын түсіндір.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21