Page 12 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. ба-бе special.edu.kz.
са-се
ал-әл
сан-сән
аң-ән
ша-шә
Үшінші сыныпта қиын сөздерді оқудан кейін мәнерлеп оқу
элементтерін меңгеруді жалғастырады. Интонациямен қатар
олар үзіліс сақтап, рөлге бөліп оқуды үйренеді. Қарапайым
мәтінді оқып, сұрақтарға өздігінен жауап береді. Сонымен
бірге оқылған мәтіннің мазмұнын өздігінен айта алуы тиіс.
3-сыныпқа арналған оқулықтағы әңгімелер тілі, құрылымы,
мазмұны бойынша 2-сыныпқа қарағанда күрделірек бо-
лып келеді. Бірақ қысқа әңгімелердің өзін бөлікке бөліп,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мазмұнын толық қамтып айтулары керек. Әр бөлімді талдап,
мазмұны бойынша жалпылама түсіндіріледі. Оқушылар
оқылған негізгі ойды ұғуы керек. Әрбір жаңа бөлімді, мәтінді
оқу алдында мұғалім оның мазмұны мен басты ойына на-
зар аударатын сұрақ қояды.
З-сыныпта өтілген тақырыптарды мұғалім алдымен өзі
мәнерлеп, дауыстап, түсіндіре отырып оқиды. Дауыстап
оқу – арнайы мектепте кең тараған оқу түрі. Психологтердің
зерттеуінше, дауыстап оқу тақырыпты түсінуге жағдай жа-
сайды. Себебі оқушылар тақырыпты көріп қана қоймайды,
қайталап мұғалімнен кейін айтады және естиді. Дауыс
мәнеріне көңіл аударып оқу оқушылардың мәтінді түсініп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
оқуына көмектеседі. Мысалы, «Сырғанақ» өлеңін мұғалім
жаттап келуге береді. Күрделіліктің үшінші деңгейіндегі тап-
сырманы орындайтын оқушылардың өзі өлеңді оқи отырып,
жаттай алмауы мүмкін. Себебі арнайы мектеп оқушылардың
қабылдау деңгейі төмен, сондықтан да мұғалім «дауыстап
оқу» арқылы қайталатып, жаттауға көмектеседі. Сыныпта
мәнерлеп, түсінікті, дауыстап оқитын оқушыдан кейін де
қайталатуға болды.
Оқушылардың дауыстап оқуын әрқашан қадағалап отыру
керек, сондай-ақ баланың дұрыс оқуына жағдай жасайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
10