Page 13 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 13

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           Дегенмен де, оқытудың бұл түрі әрқашан қолайлы және
           үнемді емес, себебі оқытудың жай түрі дауыстап оқуға
           қарағанда біршама тезірек. Балаларды өмірге дайындай
           отырып, оқудың бұл түрін қолдана білуге үйретуіміз керек.
           Арнайы мектеп оқушыларына мұғалімнің көмегінсіз мәтінді
           оқу үлкен қиындық тудырады.
             Арнайы мектеп оқушыларының өздігінен оқып, түсінік
           айтуы қаншалықты қиын болса да, оны қалыптастыруға
           жағдай жасау керек. Дайындық кезеңі бірінші сыныптан
           бастап жүрсе де, бағдарлама бұл жұмысты оқытудың үшін-
           ші жылының екінші жартысына қойылады. Онда оқушылар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           мәтіннен суретке немесе мұғалім қойған сұраққа сай жауап
           іздейді. 3-сыныпта өздігінен оқу түрі қалыптасады. Бұған
           дейін оқушыларда дауыстап оқу техникасы және тұтас оқу
           дағдысы қалыптастырылады. 3-сыныпта өздігінен оқу түрінің
           құрылымы барынша қарапайым болуы керек. Осылайша
           үшінші сыныпта мұғалім балалардың назарын сюжетті
           суретке аудара отырып әңгіменің бірнеше абзацын оқиды.
           Соңғы абзацын оқушылардың өзіне оқытады. Сөйтіп оқы-
           ғандары бойынша сұрақтар қойылады.
             Мәнерлеп оқуды қалыптастыру үшін жұмыстың келесі
           түрлері мен әдістері қолданылады:
             - дыбыстарды, буындарды, сөздерді, жаңылтпаштарды,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           тақпақтарды артикуляциялық гимнастика кезінде нақты айту;
             - хормен оқу – дауыс күшінің тепе-теңдігін сақтауға
           жаттықтыру, мұғалімнің сөйлеу мәнерін, қарқынын көрсету;
             - рөлмен оқу, мәтінді сахналау.
             Арнайы мектепте оқитын балалардың «Оқу және тіл
           дамыту» сабақтарында жіберетін қателері:
             - әріпті, сөзді тастап кетеді, буынды қосып оқи алмайды;
             - кейбір буындарды, сөзді екі-үш рет қайталап оқиды;
             - бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқи салады;
             - сөйлемді оқығанда оқып отырған сөзінің мағынасын
           түсінбейді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18