Page 17 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 17
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Тапсырмалардың барлығын оқушылар мұғалімнің көме-
гімен, нұсқауы бойынша орындайды. Жұмыс дәптеріндегі
тапсырмаларды да оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай
орындайды. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды сабақта
орындап үлгермеген жағдайда мұғалім үйде орындап келуге
беруіне де болады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың
түрлері:
1. Суретті бояп, сыз.
2. Сурет мазмұны бойынша әңгімелеп бер.
3. Сөзжұмбақты шеш.
special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Ребустың жауабын тап.
5. Мақалды оқып, мәтіннен тап.
6. Жұмбақтың жауабын тауып жаз.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты 3-сыныпта барлық
көркем шығармаларды мұғалім өзі оқиды, ал оқушылар
оқулықты жауып, тыңдайды. Ашық оқулық оқушылардың
түсінуіне кері әсер етіп, назарын аударады. Оқушылар мұ-
ғалімнің оқыған сөзін табуға тырысып немесе оқулықтағы
суреттерге зейіні аударылып, мұғалімнің оқып жатқан кезін-
дегі мимикасы мен қимылдарын байқамай қалады. Арнайы
мектептерде оқылған мәтінге жоспар құру бойынша жұмыс
3-сыныптан басталады, оның үстіне, бастауыш сыныптар-
special.edu.kz. special.edu.kz.
да сурет немесе сөздік жоспар мұғалім тарапынан үнемі
көмек көрсетіліп, ұжымдық түрде құрастырылады. Әңгіме
бөліктерінің тақырыптары сұрақ, әңгіме және атаулы ұсы-
ныстар түрінде іріктеледі.
Қорыта келе, 3-сыныпта «Оқу және тіл дамыту» пәнінде
мұғалім сабақты түсіндіріп, оқушыларға білімді игерту
кезінде тек қана оқыту жұмыстарын жасамай, тіл дамыту
жұмыстарына да ерекше көңіл бөлгені жөн. Тыңдалым мен
айтылымға назар бөлу керек, яғни ауызша сөйлеу тілін және
естуді дамыту. Ол үшін мынандай жұмыстар жасалады:
special.edu.kz. special.edu.kz.
15