Page 14 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 14
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Осындай қателерді болдырмас үшін мұғалім оларды
оқушылардың оқу кезінде есепке алып, түзету жолдарын
қарастыруы керек. Мысалы: сөздерді, әріптерді тастап
кететін балаларға сөздерді буынға бөліп оқытады немесе
тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуын қадаға-
лайды. Сөзге талдау жасайды, кеспе әріптерден сөзді
құрастырғызады.
3-сыныпта оқу тәртібін мынандай деңгейде өткізуге бо-
лады:
1. Балаларды оқығанды тыңдауға дайындау, үйрету.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бұған жататындар балаларды алдын ала психологиялық
тұрғыдан дайындау, естігенін ұғатындай жағдай жасау,
оларды ұйымдастыру.
2. Мәтінді, өлеңдерді оқығанда сюжетті суреттерді тиімді
пайдалану.
3. Оқыған тақырып бойынша балалардың ойын, пікірін
білу, әңгімелесу.
4. Оқыған тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып
түсіндіру.
В. Я. Василевскийдің зерттеуінде мәтінді түсіну кезінде
бастауыш сынып оқушыларының ересектердің көмегінсіз
оқығанын түсінуге, шығарманың негізгі ойын ұғынуға мүм-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кіндігі жоқ. Мысалы: «Дені саудың – жаны сау» тарауындағы
«Жанкүйерлер» мәтінімен танысқанда мұғалім алдымен
мәтіннің тақырыбымен таныстыру керек. Мәтінді оқымас
бұрын тақырыпты таныстырып, тақырып мағынасын тү-
сіндіріп сол бойынша сөздік жұмыс жүргізілуі тиіс. Содан
кейін ғана мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып береді. Ал кей
жағдайда керісінше, мәтінді оқып, түсіндіріп, содан кейін
ғана сөздік жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ 3-сыныптан
бастап балалардың назарын кейіпкерлердің (ашуланды,
қорқытып айтты, айқалады) сөздерінің авторлық сипат-
тарына аудару, оларға автордың нұсқауын оқу кезінде өз
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
12