Page 8 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 8

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           көрсету, сөздерді жеңілден күрделіге қарай оқу талап
           етіледі. «Менің мектебім» тарауы бойынша берілген
           «Дәмештің дәптері» өлеңін мұғалім оқып беріп, түсіндіреді.
           Игерген жаңа білім негізінде мынандай тапсырма береді:
              Берілгендердің қайсысы оқу құралына жатпайды? Тап.
           Сөздерді оқы.
              Сөздер: кітап, дәптер, қуыршақ, күнделік, доп. Бұл тап-
           сырманы мұғалім өз бетінше балалардың мүмкіншілігін
           ескере отырып, түрлендіріп беруіне болады.
              Сары дөңгелек – күрделіліктің екінші деңгейі. Мұнда
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну, тірек сөздердің көмегі
           арқылы сөйлем құрау, мұғалімнің көмегі арқылы сұрақтарға
           жауап беруге дағдыланады. Мысалы: «Бізді қоршаған
           әлем»тарауы бойынша «Шана» өлеңін өткен кезде мы-
           нандай тапсырма берілген:
              1. Оқулықта сюжетті сурет берілген. Сурет бойынша
           тірек сөздерді қолданып әңгіме құра. Тірек сөздер: ана,
           тілегін, шана, сырғанақ, зулады.
              Қызыл дөңгелек – күрделіліктің үшінші деңгейі. Бұл
           жерде тапсырмалар мәтін бойынша сұрақтарға жауап
           беру, сұрақтың жауабын мәтіннен тауып оқу, оқығандары
           бойынша түсінгендерін айта алу, рөлге бөліп оқу түрінде
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           құрылған. Мысалы: «Өзім туралы» тарауы бойынша
           берілген «Болаттың суреті» мәтініндегі тапсырмада:
              1. Мәтіннен Болат пен ағасының сөзін тауып, рөлге
           бөліп оқыңдар.
              2. Болаттың ағасы торғайдың суретінің қасына не деп
           жазып берді?
              3. Саған сурет салғанда кім көмектеседі? – деген сұ-
           рақтарға жауап беру арқылы балалар оқып қана қоймай,
           тіл дамыту жұмысын да орындайды.
              Сабақ барысында күрделілік деңгейі бойынша беріл-
           ген тапсырмалардың барлығын оқушы орындауға мін-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13