Page 20 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 20
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қайың special.edu.kz.
1. Оқы.
Қайың – бұл жіңішке, түзу, ақ түсті
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
діңі бар жапырақты ағаш. Қайыңның
жапырақты бөрікбасы бар. Жапырақ-
тарының арасынан Күн сәулесі көріне-
ді. Сондықтан қайыңды орманда үнемі
жарық болып тұрады.
Көктемде қайыңның діңінен бұтақ-
тарына қарай қайың шырыны аға бас-
тайды. Қайыңның гүлі – сырғалықтары
пайда болады. Оның ішінде көп тұқым
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
болады.
Қайыңның жапырағы ромбқа ұқ-
сас. Бір жағы дөңгелектенген, ал ұшы
ара тісті, тілімденген. Жапырақтыры-
ның түсі ашық жасыл. Күзде қайыңның
жапырағы бәрінен бұрын сарғаяды.
2. «Ойлан және айт». Сөйлемдерді жалғастыр.
Егер алаңда қайыңдар өсіп тұрса, оларды шоқ (қандай?) қа-
йың деп атайды. Қайың жапырақтары (қандай?) ... . Қайың шыры-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ны (қандай?) ... .
Суреттен бір қайыңды және көп қайыңды көрсет. Жасыл жапырақты
қайыңды, сары жапырақты қайыңды тап. Қайыңның жапырақтары қай жыл
мезгілінде жасыл, ал қай жыл мезгілінде сары болады? Қайыңның діңі қан-
дай? Қайыңның жапырақтарын, гүлін көрсет.
Суреттерден қайыңды көрсет. Сен басқа ағаштардың ішінен қайыңды
қалай табасың? Қайыңның діңі (түсі, жуандығы) қандай? Қайыңның жапы-
рақтары, сырғалықтары қандай? Саған қайыңның несі ұнайды?
Қайың қайда өседі? Қайыңды сипаттап бер. Оның діңі, бөрікбасы, жапы-
рақтары мен гүлі туралы айт.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Досыңнан ол қайың шырынын жақсы көре ме, соны сұра. Ол тағы да
қандай шырынды жақсы көреді?
18