Page 22 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 22
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жөке special.edu.kz.
1. Тыңда.
Жөке – діңі жуан, тамыры мық-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ты жапырақты ағаш. Ол 30 метрге
дейін өседі.
Жөкенің бөрікбасы тығыз бола-
ды. Күн сәулесі өтпейді. Сондықтан
оның көлеңкесінде салқын болады.
Жөкенің жапырағы дөңгелек, жиек-
тері ара тісті иректі.
Жөке маусым-шілде айларында
гүлдейді. Жөкенің сарғыш түсті ұсақ
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
гүлдері гүлшоғыр болып топтасып
өседі. Олардың ашық түсі мен хош
иісі араларды, көбелектерді, жаба-
йы аралар мен шыбындарды өздері-
не қарай тартады.
Жаз соңында жөкенің қара түсті жеміс-
тері – жаңғақтары піседі. Олар шағын шоқ
болып ілініп тұрады. Әрбір шоқтың қанатша-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лары болады. Бұл қанатшалар тұқымның та-
ралуына көмектеседі.
Суреттен жөкені, оның гүлдерін және қара жемістерін көрсет. Жөке
ағашының хош иісті гүлдері қашан шығады, ал жеміс-жаңғақтары ше? Жөке
ағашының гүлдерінің хош иісі қандай жәндіктерді өзіне қарай тартады?
Сен жөкені басқа ағаштардың ішінен қалай танисың? Оның бөрікбасы,
жаздағы гүлдері қандай екенін айт. Қыста нелер жөкенің жаңғағымен қо-
ректенеді? Саған жөке несімен ұнайды?
Адамдар жөке аллеясын неге отырғызады? Жөке ағашы туралы айтып
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бер. Жануарлар жөке ағашының түбінен не табады? Жаңа жөке ағашы қа-
лай өсіп шығады?
20