Page 26 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 26
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Терек special.edu.kz.
1. Тыңда.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Терек – діңі ұзын және түзу жапырақ-
ты ағаш. Бөрікбасы пирамидаға ұқсас.
Бұтақтары жоғарыға қарай өседі.
Терек жылдам өседі. Бір жылда 1,5-2
метрге дейін өседі. Сондықтан оларды
қалаларда өсіреді. Олар саябақтарды,
алаңдарды, көшелерді безендіреді.
Қалада терек санитар рөлін атқарады.
Оның жапырақтары ауадан шаңды, пай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
даланылған газдарды жинайды. Егер ауа
шамадан тыс лас болса, онда теректің
жапырақтары ұсақталып, дақтар пайда
болады.
Терек ерте көктемде гүлдейді. Мамыр
айының соңында теректің жемісі – көптеген
ұсақ тұқымдары бар қауашақ піседі. Тұқым
ұзын талшықтармен, терек мамығымен жа-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
былған. Қауашақ жарылып, теректің мамы-
ғы жер мен ағаштардың үстін жауып қала-
ды. Ол суды тез сіңіріп алады, сонысымен
тұқымның өсуіне жақсы жағдай тудырады.
Суреттен теректі, оның діңін, бөрікбасын көрсет.
Теректің басқа ағаштардан қандай айырмашылықтары бар? Ағаштың діңі
қандай? Оның бұтақтары қалай өскен? Теректі неге санитар деп атайды?
Терек жапырақтарынан ауаның ластануын қалай білуге болады?
Терек және оның сыртқы құрылысының ерекшеліктері туралы айт. Оны
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
неге көшені көгалданыру үшін жиі пайдаланады? Терек мамығы туралы не
білесің? Теректің мамығы қай уақытта болады?
24