Page 25 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 25
special.edu.kz.
special.edu.kz.
2. Үйеңкінің пайдалы қасиеттері туралы оқы. special.edu.kz.
Үйеңкі – бағалы ағаштардың бірі. Үйеңкіден үйдегі баспалдақ-
тарды, спорттық жаттығу құрылғыларын, музыкалық аспаптар-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ды – гитараны, даңғараны жасайды. Үйеңкіден асүйге арналған
заттарды, ойыншықтарды, кәдесыйларды дайындайды.
Үйеңкінің қабығын, жапырағын, жемісін және гүлдерін әртүрлі
ауруларды емдеу үшін қолданады. Үйеңкі шырынын ішеді, жаралар-
дың тез жазылуы үшін пайдаланады. Ерте көктемде аралар үйеңкінің
гүлдерінен тозаң мен шірне жинайды. Одан тәтті
де пайдалы бал алынады. Үйеңкінің
жапырағынан оны жұлдызқұрттар
мен қоңыздардың зақымдағанын
special.edu.kz. көрмейсің, себебі жәндіктер үйеңкі- special.edu.kz.
special.edu.kz.
нің жапырақтарына тиіспейді.
3. Суреттерге қара. Үйеңкіден не жасайды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Үйеңкіден жасалған баспалдақты, жиһазды, ыдысты, кәдесыйларды көр-
сет. Үйеңкі ағашынан тағы да қандай заттарды жасауға болады?
Суреттер бойынша адамның үйеңкі ағашын қалай пайдаланатыны, одан
қандай бұйымдар жасайтыны туралы айт. Үйеңкіні ауруларды емдеу үшін
пайдалануға бола ма? Көктемде аралар мен көбелектер неге үйеңкіге ұшып
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
келеді? Қандай жәндіктер үйеңкінің жапырақтарына тиіспейді?
Адамдардың ағашты қалай пайдаланатыны туралы айтып бер. Гүлдеп
тұрған үйеңкінің жанында қандай жәндіктер көп, ал қандай жәндіктер аз
болады? Неге?
23