Page 23 - Айналадагы алем 3-кл Окулык 2-болим
P. 23
special.edu.kz.
special.edu.kz.
2. Жөкенің пайдалы қасиеттері туралы оқы. special.edu.kz.
Жөке – орман үшін пайдалы өсімдік. Оның түскен жапырақтары
ұзақ уақыт жатпайды, олар жылдам шіріп, топыраққа қажетті нәр-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лі заттарды қайтарады.
Жөке ағашы бұрыннан бағалы ағаштардың бірі болып саналған.
Одан монша салады. Оның жұмсақ ағашынан ыдыс, жиһаз, бөшке
мен музыкалық аспаптар жасайды. Сондай-ақ одан матрёшкалар-
ды, лақтар мен аюларды ойып жасайды.
Жөке ағашының балы пайдалы бал болып саналады. Ол салқын
тигенде таптырмас дәрілердің бірі болып табылады. Жөке ағашы-
ның жапырақтары, бүрлері мен гүлдерінің де емдік қасиеттері бар.
3. Суреттерге қара. Жөке ағашынан жасалған заттарды көрсет және ата.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Адамның жөкені шаруашылықта қалай пайдаланатынын көрсет және айт.
Жиһазды, ыдысты, ойыншықты, музыкалық аспапты көрсет. Олар қандай
ағаштан жасалған? Егер сен ауырып қалсаң, жөке саған қалай көмекте-
седі? Салқын тигенде жөкенің нелерін пайдалануға болады?
Суреттер бойынша адамның жөкені шаруашылықта қалай пайдаланаты-
нын айт. Одан не жасайды? «Жөке – араның жақсы досы» дегенді қалай
түсінесің? Қандай жәндік бізге бал алуға көмектеседі?
Жөкенің адам өміріндегі, оның денсаулығын нығайтудағы маңызы тура-
лы айтып бер. Жөкені неге бағалы ағаш деп санайды?
Досыңнан жөке балының дәмін татып көрді ме екен, соны сұра. Жөке
ағашы туралы өлеңді оқы және жатта.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Аулаңызға еккен оны жөн болар,
Зәулім ағаш, ауруға да ем болар,
Сая болар көлеңкесі талайға.
Жұпар иіс шашып тұрар маңайға.
21