Page 147 - 5.1.1
P. 147

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                   Жазғы демалыс                                                 special-edu.kz.


                 1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мазмұнын айтып бер.

                                        Қараторғай
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Мамыр  айының  бас  кезі.  Үйдің  төбесіне  шықтым.

        Көктемде  келген  қараторғайлар  мені  айналып  шырыл-
        дап ұша бастады. Қанатты достарға не болғанын білейін
        деп төмен қарадым. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жа-
        тыр. Ол қараторғайдың жұмыртқасы екен.
            Өте  сүйкімді  осы  қараторғайлар  біздің  үйге  үйір.
        Олар  бақшамыздағы  зиянды  құрттарды  жейді.  Ал  ба-
        лапандары  құрт-құмырсқалармен  қоректенеді.  Сондық-
        тан  қараторғайлар  бар  жердің  ағаштары  әдемі  болып
        өседі.                                                       (С. Ақатаев)
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                Қарлығаштың  қасиеті                                             special-edu.kz.


                 2-тапсырма. Әңгімені оқы. Мазмұнын  әңгімелеп бер.




            Біздің  қораға  қарлығаш
        ұя  салды.  Мен  оны  сырттай
        бақылап  жүрдім.  Жерге  нан
        қиқымын  шашып  едім,  ол
        қиқымды балаларының аузы-
        на апарып салды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Бір  күні  мынандай  оқиға
        болды. Әдеттегідей қарлығаш

        баласына тамақ тасып жүрді.
        Барлық балапан ауыздарын ашып, анасына қарап отыр-
        ған. Кенет біреуі сап-сары нәжісін шығара беріп еді, ана-
        сы көз ілеспес шапшаңдықпен қағып алып, сыртқа ұшып
        кетті.




                                                                                   145
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152