Page 142 - 5.1.1
P. 142
special-edu.kz.
special-edu.kz.
2-тапсырма. Ертегіні оқы. Суреттегі көріністі сұрақтар бойын- special-edu.kz.
ша әңгімеле.
Түйе мен түлкі
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Түлкі тоғайда жайылып жүрген бір түйені көреді. Де-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
несі ойқы-шойқы, олпы-солпы екен. «Мүмкін осының
бірдеңесі түсіп қалар» деген оймен соңынан қалмай алыс-
тан аңдып жүреді.
Бір кезде түйе өзеннің арғы жағасына өтіп кетеді.
– Уа, түйе, су терең бе екен? – деп сұрайды түлкі.
– Терең емес, тізеден ғана, – деп жауап беріпті түйе.
– Тізеден болса, таяз екен, – деп, түйе жаққа өтпек
болған түлкі суға түседі.
Суға батып тұншығып бара жатып, түлкі түйеге ай-
қайлайды:
– Әй, түйе, су тізеден ғана дегенің қайда? Мен батып
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
барамын ғой?
Сонда түйе:
– Е, сенің тізең мен менің тізем бірдей ме? Алдымен өз
тізеңе қарамайсың ба? – деп жауап беріпті.
Жоспар:
1. Түйенің бейнесі. 3. Судан өту.
2. Түлкінің ойы. 4. Түйенің жауабы.
140
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.