Page 18 - 5.1.1
P. 18
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жуан және жiңiшке дауыстылар special-edu.kz.
Дауысты дыбыстар тiлдiң қатысына қарай жуан
және жiңiшке дауыстылар болып екi топқа бөлiнедi:
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы (у).
Жiңiшке дауыстылар: ә, е, ү, i, ө, э, и, (у).
1-тапсырма. Сөздердi оқы. Жуан дауысты дыбысы бар сөздердi
бiр бөлек, жiңiшке дауысты дыбысы бар сөздердi бiр бөлек жаз.
Қайық, өндiрiс, құрлық, тұзақ, туыс, үкi, ұйқы, ауыз-
дық, өткiр, теңiз, орман, өшiргiш, қасқыр, қырман, жемiс,
жуғыш, жазушы, қуаныш.
2-тапсырма. Көп нүктенiң орнына жақша iшiндегi дыбыстар-
дың тиiстiсiн қойып көшiр.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. (а, ө, е): жұп с...н, тақ с...н, айтқаныма с...н, м...н
агрономмын, с...н инженерсiң, шiлде – ж...з айы, ж...з
шылапшын, т...ң атты, т...ң түстi, сұрағанын б...р,
киноға б...р.
2. (о-ө): т...р құру, т...р жаққа отыру, осы жерге т...с,
т...с сүйек.
3. (ы-i): жастыққа жұқа матадан т...с, т...с батыру.
4. (ұ-ү): егiлген ағаш б...ршiк жарды, атыңды берi
қарай б...р.
3-тапсырма. Көп нүктенiң орнына жуан дауысты дыбыстарды
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қойып көшiр.
1. Айгүл алм... алды. 2. Бал... хат жазды. 3. Әсет д...п
ойнады. 4. Қ...стар ұшып кеттi. 5. Жаңб...р жауды.
4-тапсырма. Тез айтып жаттық!
Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр, топтала.
Зымырап допты ала
Қуады көп бала.
16
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.