Page 46 - 5.3.1
P. 46
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Үш дос special-edu.kz.
Көп пәтерлі үйдің ауласы. Қазанғап пен Қарымсақ
аулаға ойнауға шықты. Ойыншық трамвайларын алды.
Ойынның үстіне Самат келді. Ол Қазанғапқа:
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Мен де сендермен ойнайыншы, – деп өтінді. Қа-
занғап:
– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден. Самат үйіне қай-
тып кетті. Келесі күні Самат өрт сөндіретін мәшинесін
алып шықты. Қып-қызыл өрт сөндіретін мәшине «көздің
жауын алады»*. Қарымсақпен бірге ойнады. Қарымсақ
Қазанғапқа:
– Кел! Сен де бізбен ойна, – деді.
«Самат мені ойынға қоса ма?» – деп ойланып қалды.
– Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанбаймын.
Сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін адам көп болға-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ны жақсы, – деп, Самат Қазанғапты шақырды. Қазанғап
ұялғаннан екі беті қып-қызыл болып:
– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қыз-
ғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.
көздің жауын алады – қызықтырады (М. Төрежанов)
1. Самат Қазанғаптан не деп сұрады? Ол не деп жауап берді?
2. Самат ойынға қандай ойыншық алып шықты?
3. Балалар қалай ойнады? Қандай ойын ойнады?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Самат Қазанғапты неліктен ойынға қосты?
5. Қазанғап өз қателігін қалай түзетті?
Оқы. Қазанғаптың өз қателігін қалай түсінгенін айт.
1. Балалардың неліктен бірге ойнай алмағанын айтып бер.
2. Саматтың Қазанғапты ойынға шақырғанда не деп айтқаны
туралы айтып бер.
1. Үш достың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
2. Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай
қасиеттер болу керек екені туралы әңгімеле.
44
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.