Page 43 - 5.3.1
P. 43
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ауыл балалары special-edu.kz.
Бір ауылда Есен, Әлім деген екі бала болыпты. Олар-
дың үйі көрші, өздері дос екен. Екі дос бір күні өзенге
шомылуға барады. Су жағалап шамалы ұзап кеткен еді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Әлім бір кезде су түбінен жылтыраған бір тасты көреді.
Әлім сол тасты сондай алғысы келді. Қолын созып еді,
жетпейтінін білді. Жан-жағына қарап таяқ іздейді. Алыс-
тан таяқты көрді. Жүгіріп барып таяқты алды. Әлім жаға-
да тұрып тасты алу үшін таяғын созады. Жетпеген соң
тағы да созыла түсті. Сол сәтте аяғы тайып, суға құлап
кетті. Құлап түскен жері тереңдеу екен. Шыға алмады.
Әлімнің үнсіз қалғанынан секемденген* Есен оны іздей
бастады. Бір кезде ол досының суға бір батып, бір шығып
жүргенін көреді. Есен Әлімге қолындағы таяғын созып,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ұшынан ұстауын өтінеді. Әлім таяққа қарай талпына-
ды. Әрең дегенде ұстайды. Есен таяқтың екінші ұшынан
тартып Әлімді жағаға жақындатады. Жағаға шыққан
соң олар шаршағаннан жата кетеді. Сөйтіп, Есен Әлімді
құтқарады. Досына риза болған Әлім оған алғыс айтады.
Және өзінің осындай қайсар, ештеңеден тайсалмайтын,
адал досының бар болғанына мақтанатынын білдіреді.
(Қ. Қабидолладан.)
секемденген – алаңдаған
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Әлім су түбінен нені көреді?
2. Ол тасты қалай алмақшы болады?
3. Есен Әлімге қандай көмек көрсетті?
4. Ілім досы Есенмен қалай мақтанады?
Тыңда. Әңгімедегі балалардың есімдерін айт.
Есеннің Әлімді қалай шығарып алғанын айтып бер.
Есен мен Әлімнің өзен басында болған оқиғасын әңгімеле.
41
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.