Page 39 - 5.3.1
P. 39
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жүз теңгең болғанша... special-edu.kz.
Көктемгі демалыс. Оқушылар автобус жалдап серуен-
ге бармақшы болды.
– Балалар, жол ақысын маған беріңдер,– деді апайы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқушылар ақшаларын санап апайға бере бастады. Мұрат
үндемей тұрды.
– Мұрат, сенің ақшаң қайда?– деп еді, Мұрат:
– Апай, үйде ақша қалмапты. Ата-анам маған ақша
бере алмады. Мен бармаймын,– деді Мұрат.
– Мұрат, сен оған уайымдама. Сенің орныңа мен төле-
йін. Кейін ақшаң болғанда әкеліп берерсің, – деді апайы.
– Жоқ, апай! Мұрат үшін ақшаны біз төлейік, – деді
оқушылар.
– Неге? – деп сұрады апай.
– Біз артық ақшамыздан жинап береміз, – деді Мейірман.
– Ол ақша өздеріңе керек болады. Оны сендерге ата-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
аналарың берді ғой. Бірақ бұл істеріңе мен қуанып тұр-
мын, – деді апайы.
– Апай, сіз әрдайым: «Сыныптас достарың қиналғанда
көмектесулерің керек» деп айтасыз ғой, – деді Дастан.
Сонда Рүстем:
– Апай, «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген
осыдан шыққан емес пе! – деп күлді. Ұстазы қатты қуанды.
(О. Жұматаева)
1. Балардың арасында қандай оқиға болды?
2. Мұрат неліктен серуенге барғысы келмеді?
3. Балалар Мұратқа қандай көмек көрсетті?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Апай балалардың ісіне қатысты қандай мақал айтты?
5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақалды
қалай түсінесің?
1. Әңгімедегі балалардың есімдерін айт.
2. Әңгімедегі дос туралы жазылған мақалды оқы.
Мұрат үшін ақшаны кім төлегенін тауып оқы. Әңгімеле.
1. Әңгімені түсініп, кезектесіп оқыңдар.
2. Балалардың жақсы ісі туралы айтып бер.
3. Әңгімедегі мақалды жаттап ал.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
37
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.