Page 37 - 5.3.1
P. 37

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               ІІ                                                special-edu.kz.
                                            Жеңіс

            Ойын  басталды.  Сәкен  әлі  жоқ.  Достары  жол  жаққа
        қарай берді. Алыстан бір мәшине көрінді. Балалар жол
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жаққа қарап қалды. Мәшине Сәкеннің әкесінікі екен. Сә-
        кен балаларды алыстан көрді. Әкесінен алаңға жеткізіп
        тастауын сұрады.
            – Балам-ау, үстіңдегі киіміңді ауыстырып алсаңшы,–
        деді анасы.
            – Оған үлгермеймін ғой, апа. Ойын бітіп кетер. Біздің
        балалар жеңіліп қалады, – деді Сәкен.
            – Жарайды, сені жеткізіп тастайық. Достарыңа көмек-
        тес, – деді әкесі.
            Сәкен көліктен түсті. Қолында әдемі қызыл ала доп.
        Келе  ойынға  кірісіп  кетті.  Көп  ұзамай  бірінші  допты
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        қақпаға кіргізді. Оған достары қуанып қалды. Сәкен кел-
        генше қақпаларына екі доп кіргізіп алған екен. Ойында
        Сәкен қақпаға үш доп кіргізді. Командасы жеңіске жетті.
        Сәкенге достары қатты риза болды. Достары жеңіс әкел-
        ген жаңа допты кезек-кезек сүйіп қояды.
            Сәкеннің ойынын әкесі мен апасы да көрді. Баласы-
        ның  ойыны  оларға  қатты  ұнады.  Әкесі  Сәкеннің  арқа-
        сынан қағып:
            – Мен саған сенемін! Сенен жақсы футболшы шығады, –
        деді.                                                           (Д. Төлебаев)
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.


                1. Балалар футболдан жарысқа қалай дайындалды?
                2. Футболға үлгерген Сәкеннің жетістіктерін қалай суреттер едің?
            3. Достары Сәкенге не үшін риза болды?
            4. Ойын біткенде әкесі Сәкенге не деді?

                   Сәкеннің ойын кезінде қақпаға неше доп кіргізгенін айт.
                   Сәкеннің достары не үшін риза болды? Оқып бер.
                   Сәкеннің команданы қалай жеңіске жеткізгені туралы әң-
            гімелеп бер.

                                                                                     35
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42