Page 34 - 5.3.1
P. 34

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                                Екі дос                                          special-edu.kz.
                                                     І
                                        Ойланбаған қылық

                 Досай мен Еркін бір сыныпта оқиды. Сабақтан келген
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             екі дос бірге тамақтанды. Ауыл жанындағы баққа келді.
             Алыстан әлсін-әлсін* торғайлардың шиқылдаған үні ес-
             тіледі.
                 – Қолымдағыны тапшы? – деді Еркін Досайға.
                 – Кітап!
                 – Дұрыс емес.
                 – Ендеше таппадым.
                 Еркін қолындағы затты Досайға көрсетіп:
                 – Бұл не, білесің бе? – деді.
                 – Білмеймін, – деді Досай.
                 – Бұл рогатка* ғой. Бұнымен торғай атуға болады! –
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             деді Еркін.
                 Жақын жердегі үлкен талдың төменгі бұтағында екі
             торғай қонақтап отыр еді. Еркін рогаткасымен құстарды
             ата бастады. Бір торғай топ етіп жерге түседі.
                 Еркін:  «Мен  байқамай  қалдым.  Дәл  осылай  болаты-
             нын  білмей  қалдым»,  –  дейді.  Торғайдың  түрі  сондай
             аянышты.  Екі  дос  жақыннан  құсты  көруге  шыдамады.
             Көңілсіз күйде үйлеріне қайтты.

                     әлсін-әлсін – ақырын шыққан дыбыс
                     рогатка – торғай атуға қолдан жасалған аша таяқ,

                      ойыншық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     1. Оқиға қай уақытта болды? Еркін Досайға не көрсетті?
                     2. Досай мен Еркін өз істерін қалай бағалады?
                     3. Бөлім неліктен «Ойланбаған қылық» деп аталған?


                         Тыңда.  Екі  баланың  істеген  қылықтары  дұрыс  па,  жоқ
                     дұрыс емес пе? Неге? Айтып көр.
                     Сен құстарға қандай қамқорлық жасайсың?
                     1. Досай мен Еркіннің жасаған істері туралы айтып бер.
                 2. «Ойланбаған қылық» дегеннің мағынасын ашып айт.


             32
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39