Page 35 - 5.3.1
P. 35
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ІІ special-edu.kz.
Қардағы із
Досай бірден үйіне кіре алмады. Ақыры торғай құлаған
жерге қайтып барды. Құс жерде жатты. Аузы ептеп қимыл-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
дайтын сияқты. «Тірі... тірі ғой», – деп Досай қуанып кетті.
Торғайды көтеріп алып үйіне келді.
– Жарақаты қауіпті емес, емдеуге болады, – деді әкесі
Мұрат.
– Алақай! Әкем торғайды емдейді! – деп қуанып кетті
Досай.
Бүгін Досай ұйқыдан ерте оянды. Кеше жатар алдын-
да әкесінің: «Торғайың толық жазылады. Ертең ұшы-
руыңа рұқсат» деген сөзінің әсері болса керек, жүгіріп
торғайдың қасына келді. Торғай «шиқ-шиқ»* ете қалды.
«Қазір... қазір босатамын!» – деді Досай.
– Досайды сен бір жаққа жұмсаған жоқсың ба? – деп
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
әкесі әжесінен сұрады.
– Жо-о-қ. Көршілердің бірінде жүрген болар.
– Ендеше мен байқап қайтайыншы, – деп Мұрат
сыртқа шықты. Әлі ешкім баспаған таза қардағы баланың
ізін көрді. Көршінің үйінен басталған із көп ұзамай тау-
дың етегіне апарды. Досай мен Еркіннің өздері де көрінді.
Жарасы жазылған торғайды бостандыққа ұшырып, қарап
тұрды. Екі дос үшін осы күннен қуанышты күн жоқ.
(Ә. Файзуллаев)
шиқ-шиқ ете қалды – дауысы шықты
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Досай жаралы құсты қайда алып келді?
2. Алғашқы жауған қарға түскен екі достың ізі әкесін қайда
апарды? Әкесі неге куә болды?
1. Тыңда. Әңгімедегі екі достың есімін айт.
2. Ұшып бара жатқан торғайдың қимылын сал.
Қардың ізі Досайдың әкесін қайда апарғанын айтып бер.
1. Досайға жаралы құсты емдеуге кімнің көмектескені тура-
лы әңгімеле.
2. Екі достың неге қуанғанын айт.
33
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.