Page 31 - 5.3.1
P. 31
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz. Адал дос special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Аблан мен Абыз бір сыныпта оқиды. Көрші тұрады. Ки-
ноға бірге барады. Бірге ойнайды. Екеуі жақсы дос. Бір күні
екеуі мектепке келе жатты. Алдарынан ит шыға келді. Абыз:
– Аблан, қаш! Ит келе жатыр! – деп қорыққанынан
қатты айғайлап жібереді. Қараса, көрші атайдың иті
екен. Байланған шынжырын үзіп кетіпті. Аблан итті шы-
бықпен ұра бастады. Ашулы ит Абланның шалбарын бір-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
неше рет жұлып үлгерді. Үлкендер келіп Абланды құтқа-
рып алды. Абыз Абланның жанына келіп:
– Мен «қаш» дегенде неге қашпадың? Қашып кет-
кеніңде шалбарыңды ит жыртпас еді, – деді.
– Мен қашсам, сені ит қауып алар еді. Сені иттен
құтқарайын дедім. Әдейі қалып қойдым, – деді Аблан.
– Дос деген осындай болар, – деді олардың сөзін естіп
тұрған үлкен кісілер.
(М. Төрежанов)
1. Әңгіме не туралы?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Абланның батырлығын неден байқадың? Әңгімеден тауып оқы.
3. Аблан өз ісін досына қайтіп түсіндірді?
4. Неліктен үлкендер екі балаға риза болды?
Суреттегі балалардың есімдерін айт. Абланның Абызды
иттен қалай құтқарғаны туралы айтып бер.
Суреттер арқылы әңгімеле.
1. Әңгімені түсініп, жылдам оқы.
2. Аблан мен Абыздың сөздерінен суретке сай жолдарды тауып оқы.
29
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.