Page 28 - 5.3.1
P. 28

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               Күз келді                                         special-edu.kz.

                 Жеміс-жидек піскенде,
                 Мал жайлаудан түскенде.
                 Жиын-терін* болғанда,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Қамбаға астық толғанда.
                 Жаз қызығы өткенде,
                 Құстар қайтып кеткенде.
                 Күн қысқарып батқанда,

                 Түн ұзарып, таң атқанда –
                 Күз келіп, той тойладық,
                 Қыстың қамын* ойладық.
                                                         (Ғ. Өкеев)


                     жиын-терін – жеміс-жидектерін теру
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     қыстың қамы – қысқа дайындық



                     1. Өлеңде не туралы айтылған?
                     2. Қандай қысқы дайындық жұмыстары туралы оқыдыңдар?
                 3. Құстар қайда кеткен?
                 4. Күн мен түнде қандай өзгерістер болады?

                        Оқы. Күз белгілерін айтып бер.

                        Тыныс белгілерін ескере отырып дұрыс оқы. Бір шумағын
                 жатта.
                     Өлеңді тыныс белгілерін сақтап, жай дауыспен оқы. Жаттап
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 ал.



               «Табиғат көріністері» (күз) тарауы бойынша қайталау


                 1. Күз туралы өзіңе ұнаған әңгімені айтып көр.
                 2. Күз белгілерін ата.
                 3. Күз туралы жаттаған өлеңдерді есіңе түсір. Айтып бер.
                 4. Күз мезгіліне қатысты мақал-мәтелдерді есіңе түсір.



             26
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33