Page 27 - 5.3.1
P. 27

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               ІІ                                                special-edu.kz.

            Бекдауыл атай күн күлшенің бір үзімін аузына салып,
        рақаттана тамсанып*:
            – Бұның дәмінен тәтті ештеңе жоқ, – деді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            –  Ата,  әжем  күлшеге  қант  қосқан  жоқ  қой,–  дейді
        Сейтек.
            – Мұндай күлшеге қант қоспаса да тәтті болады, – деді
        Бекдауыл атай. Үлкен алақанындағы күлшенің қиқымда-
        рын аузына салып жіберді. Сейтек те тамсанып қойды.
            – Әне, батыр, өзің де тамсанып тұрсың... Тәтті болмаса
        неге тамсанасың?
            – Себебі, әжемнің пісірген күлшесінің дәміне ештеңе
        жетпейді,–  деді  Сейтек.  Сейтек  неге  тамсанатынын  өзі
        де  білмеді.  Басын  сипалап  қанша  ойланса  да,  атайдың
        сұрауына жауап бере алмады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            –  Ә,  солай  ма  екен?  Бұл  Күн  нұры  мен  диқанның
        маңдайының адал тері сіңген* дән. Оның тәтті болмауы
        мүмкін емес.
            Көп  уақытқа  дейін  Сейтектің  тілінен  күн  күлшенің
        тәтті дәмі кетпеді.
                                                                    (М. Айымбетов)


                тамсану – дәмін алу, ұнатып жеу
                адал тері сіңген – еңбегі сіңген


                1. Сейтек күлшені жегенде неге тамсанды?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                2. Күлшенің тәтті болу себебі неде?


                   Күлшені кім дайындағанын айт.
                   Сейтектің күлшені қалай жегені туралы айтып бер.

                1. Әңгімені рөлге бөліп оқыңдар.
            2. Жоспар бойынша әңгімеле: 1. Күлән әже.
                                                 2. Комбайншы.
                                                 3. Тәтті күлше.



                                                                                     25
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32