Page 22 - 5.3.1
P. 22

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                                  Нан                                            special-edu.kz.

                 Жүзім пісті күзде,
                 Жей бер алып үз де.
                 Алма пісті күзде,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Жей бер алып үз де.
                 Қауын пісті күзде,
                 Жей бер алып үз де.
                 Бидай пісті күзде,
                 Жей алмайсың, үзбе.


                 Бидайдың көп ісі,
                 Кірісер көп кісі:
                 Комбайншы орсын,
                 Жүргізуші тасып болсын.
                 Диірменші* оны тартсын,
 special-edu.kz.                             special-edu.kz.                                     special-edu.kz.
                 Наубайшы* нан қып жапсын.
                 Дүкеншіге берсін...
                 Сонда барып жерсің.


                                                 (Е. Елубаев)
                     диірменші – ұн тартатын адам
                     наубайшы – нан пісіретін адам



                     1.  Ақын  неге  өлеңді  «Нан»  деп  атаған?  Өлеңде  не  туралы
                     айтылған?
                 2. Қандай жемістерді бірден үзіп жеуге болады? Өлеңнен тауып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 оқы.
                 3. Нанды неден жасайды?
                 4. Нан дүкенге келгенше қандай адамдар жұмыс істейді?


                        1. Өлеңдегі жемістерді ата.
                     2. Өзің ұнататын жемістерді сипатта (дәмі, түрі, түсі, пішіні).
                     Оқы. Бидай туралы айтып бер.
                     1. «Диірменші», «наубайшы» деген сөздердің мағынасын аш.
                 2. Өлеңді жылдам, мәнерлеп оқы.


             20
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27