Page 17 - 5.3.1
P. 17

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                    Мақтаншақ қоян                                               special-edu.kz.
                                           (ертегі)

            Қоян бір күні бір үйге ұрлыққа келеді. Қораға кіріп,
        қаптаған қоянды көреді. Ол мақтана бастайды:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            –  Сендер  үйде  тұрсаңдар  қайтейін?!  Мен  сендерден
        бәрібір артықпын. Мен ешкімнен қорықпаймын! – дейді.
            Үй  қояндары  мақтаншақ  қоянды  тыңдайды.  Болған
        әңгімені Қарға тәтелеріне айтып береді. Қарға қоянды із-
        дейді. Қоян шошып кетеді:
            – Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанбаймын,– дей-
        ді қоян.
            – Ерекше екеніңді ісіңмен көрсет! – дейді қарға.
            Арада біраз күн өтеді. Бір күні келе жатса, әлгі қарға-
        ны иттер талап жатыр екен... Қоян қарғаны аяп кетеді де,
        құтқармақ болады. Содан иттердің назарын өзіне аударып
        тұра қашады. Иттер қоянды қуа жөнеледі. Ал қоян қашып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        құтылады. Қоянның ерлігіне* риза болған қарға оған келіп:
            – Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес, мақтауға тұра-
        тын қоян екенсің! – деп ризашылығын білдіреді.

               ерлік – жақсы іс


                1. Үй қояндарына орман қояны не деп мақтанды?
                2. Үй қояндары ол туралы кімге айтты?
            3. Қарға қандай жағдайға тап болды?
            4. Қоян қарғаны иттерден қалай құтқарды?


                   Қарғаның қоянға ризашылығын білдірген жерін оқып, айт.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                   Оқы. Қоянның қарғаны иттен құтқарған жерін әңгімеле.
                1. Ертегіні түсініп оқы. Қояндардың әңгімесін рөлге бөліп оқыңдар.
            2. Қоян мен қарғаның арасында болған әңгімені айтып бер.

             «Халық ауыз әдебиеті» тарауы бойынша қайталау
            1. Осы тарауда оқыған ертегілерді есіңе түсір.
            2. Өзіңе ұнаған ертегінің атын айт. Ол саған несімен ұнады?
            3. Оқыған мақалдарды бірігіп айтайық.
            4. Ойын барысында қолданған санамағың туралы айтып бер.
            5. Бір-біріңе жұмбақ жасырыңдар.

                                                                                     15
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22