Page 14 - 5.3.1
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ақымақ қасқыр special-edu.kz.
(ертегі)
Ертеде қойшы күнде қойларын өріске шығарып баға-
ды екен. Қойлар өрісте емін-еркін жайылып, жасыл шөп-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ке әбден тояды екен. Бірақ бір қой күнде-күнде қалып
қоя беріпті. Әлгі қойды бір күні қасқыр ұстап алыпты.
– Е, менің қарным ашып тұр еді. Мен енді сені жей-
мін,– дейді аш қасқыр.
– Қасеке, мені босат. Саған семіз қой әкеліп берейін.
Мен арықпын, – дейді қой.
Қасқыр қойды босатады да, семіз қойды күтіп жата-
ды. Қой жоқ. Қасқырдың көңіл күйі түседі. «Қой бала-
сы момын ғой. Алдауды білмеуші еді. Оған ешкі бірдеңе
деген шығар. Барып көрейін»,– дейді қасқыр. Барып бір
ешкіні көреді. Қойшы алыста жүр екен.
special-edu.kz. special-edu.kz.
– Ешкі билейді дегенді естіген емеспін. Олай болса, special-edu.kz.
«Іздегенім сен едің»,– деп ешкіні ұстап алады. Қо-
рыққан ешкі:
– Атаң да, анаң да жақсы еді ғой. Семіз қой тұрған-
да, олар ешкіні жемеуші еді. Мен жақсы билеймін,– деп
тоқтамай сөйлейді ешкі.
биіңді көрсет,– дейді қасқыр.
– Ендеше, менің аяғыма қарап тұр,– дейді де, ешкі
секіріп-секіріп көп қойдың арасына кіріп кетеді. Сол ара-
да қойшы келеді де, ешкі аман қалады.
? 1. Қасқыр қойға не деді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Қой қасқырдан қалай құтылды?
3. Ешкі қасқырды қалай алдады?
1. Ешкінің қасқырдан қалай құтылғаны туралы айтып бер.
2. Іс-қимылдарын көрсет, дауыстарын сал.
Қасқыр мен қойдың сөздерін ертегіден тауып оқы. Әңгімеле.
1. Ертегінің мазмұнын айтып бер.
2. Қасқыр мен қойдың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
3. Қасқырға сипаттама бер.
12
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.