Page 16 - 5.3.1
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жүзім жегісі келген қасқыр special-edu.kz.
(ертегі)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бір күні түлкі жүзім бағына келеді. Жүзімді қатты
тойып жейді. Оны көрген қасқыр:
– Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айт-
пасаң, сені жеймін! – дейді ақырып.
– Ойбай, қасеке, айтайын, – дейді түлкі күлімдеп. – Се-
нен несін жасырайын, анау бақтың ішінде жүзім өсіп тұр.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жүр, ертіп барайын. – Түлкі қасқырды баққа ертіп апара-
ды. Өзіне таныс тесіктен бауға кіргізіп жібереді. Қасқыр
жүзімге әбден тояды. Бақтан қайта шығайын десе, әлгі
тесіктен өте алмай, кептеліп қалады. Мұны көрген түлкі:
– Қасеке, тым көрсеқызар* екенсің. Артын ойламаған-
дарға сол керек, – деп жүре беріпті. Уақыт өте баққа бір адам
келіп, тесікте кептеліп қалған қасқырды соғып алыпты.
көрсеқызар – әр затқа қызығу
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Ертегіні қандай көңіл күймен оқу керек?
2. Қасқыр түлкіге не деді? Түлкі оған қалай жауап берді?
3. Қасқыр қандай жағдайға ұшырайды? Сурет арқылы әңгімеле.
Қасқырды кім соғып алғанын айтып бер.
Қасқыр мен түлкінің сөздерін рөлге бөліп оқыңдар. Бұл
ертегі сендерді неге үйретеді?
Ертегінің негізгі ойын әңгімеле. «Қасеке, тым көрсеқызар*
екенсің», – деп түлкі неге айтты?
14
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.