Page 15 - 5.3.1
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады? special-edu.kz.
(ертегі)
Ертеде бір торғай аспанда ұшып жүреді. Қораны
көреді. Торғай ұшып келіп қораға қонады. Ол жерде дән-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
дер шашылып жатыр екен. Жердегі дәндерді теріп жей
бастайды. Торғайды мысық байқап қалады. Аңдып оты-
рып торғайды ұстап алады.
– Енді бір жақсылап тоятын болдым! – дейді мысық
торғайға. Торғай қатты қорқып кетеді де:
– Ей, мысық, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып бара-
сың ғой, өзі! Адамдар қол жуып барып тамақ жейді ғой.
Сен де қолыңды жумайсың ба? – дейді. Торғайдың сөзіне
мысық ойланып қалады.
– Оның да дұрыс екен-ау, – дейді мысық. Сөйтіп
торғайды ұстап тұрған аяқтарын босата салады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Ал торғай болса жалт беріп* ұша жөнеледі.
– Мысық-ау! Алданып қалғаныңды білмей қалдың-ау!
Қош бол! – деді торғай.
Аңқау мысық алданып қалғанын түсінеді.
Содан бері қарай мысық тамақ ішкен соң жуынатын
болған екен. Ал торғай болса көңілді өмір сүріп жатыр.
жалт беріп – тез-тез, жылдам
1. Торғай қайда ұшып келді? Нені көрді?
2. Торғайды көрген мысыққа қандай ой келеді?
3. Мысық торғайды қалай ұстады? Тауып оқы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Торғай мысықтан қалай құтылды?
5. Ертегі неге «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?» деп
аталған?
Ертегі кейіпкерлерін ата. Мысықтың торғайдан қалай ал-
данып қалғанын айт.
Мысықтың торғайға айтқан сөздерін оқы. Ертегіні әңгімеле.
Торғай мен мысықтың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
Мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.
13
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.