Page 20 - 5.3.1
P. 20
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бидай мен Шырмауық special-edu.kz.
Тік және иіліп екі бидай өсіп тұр. Тік тұрған Бидайды
Шырмауық орап өсе бастады. Бір күні тік тұрған Бидай
Шырмауықтан:
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Өрмелеп қайда барасың? – деп сұрады.
– Сені орап өсіп, Күнбағысқа жетсем деймін, – деді.
Сонда басы иіліп кеткен Бидай сөзге араласты.
– Жыл сайын бойыңды өсіремін дейсің. Бидайды орап
өсесің. Бірақ өскенің қайда? Күз болмай қурап қаласың, –
деді.
– Келесі көктемде сені де орап өспесем бе! – деді Шыр-
мауық.
– Мен келесі көктемде көп жерде өсемін. Соның бәрін
орауға сенің шамаң жетпейді, – дейді Бидай.
– Жетеді! Мен сендерді өсірмеймін, – деді Шырмауық.
Шырмауықтың даусын адам естіп қалды. Олардың қаста-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
рына келіп:
– Қап, шырмауық Бидайды өсірмей тастапты-ау! – деп,
оны түбімен жұлып алып тастады. Сонда тік өскен Бидай:
– Сен өзгеге жамандық ойладың. Сондықтан жарты
жолда өліп қалдың. Біреуге жамандық жасауға болмай-
ды, – деді. Шырмауық үндемей жата берді.
Арада біраз уақыт өтті. Бидайлар жайнап өсіп кетті.
Ал алыстау жерде Шырмауық қап-қара боп қурап жатты.
(Ә. Жүсіптен.)
1. Бидайды не орап өсірмей тастады? Бидай Шырмауыққа
не деді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Шырмауықтың дауысын естіген адам нені байқады?
3. Адам Бидайға қалай көмектесті? Екі Бидайдың арманы
орындалды ма?
Сөздер мен сөз тіркестерін буындап оқы, тұтас оқы.
Бидай мен Шырмауықтың әңгімесін рөлге бөліп оқыңдар.
1. Әңгімені іштей оқы. Әңгіме не туралы? Айтып бер.
2. Шырмауық пен Бидайдың сөздерін рөлге бөліп айтыңдар.
би-дай шыр-мау-ық өр-ме-леп өс-ті тік өс-ті
бидай шырмауық өрмелеп өсті тік өсті
18
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.