Page 21 - 5.3.1
P. 21

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                    Отынға барғанда                                              special-edu.kz.

            Күн суыта бастады. Адамдар қысқа дайындала бастады.
        Біздің үйде де абыр-сабыр басталды. Сабыржан, ағам және
        мен  үшеуміз  ағаш  отын  дайындауға  кірістік.  Біз  орманға
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        отын  шабуға  бардық.  Орманшыдан  рұқсат  алдық.  Ол  кісі
        бізге отын алуға болатын жерді көрсетті. Біз іске кірістік.
        Орманда  көршіміз  Жолдас  ағайды  кездестірдік.  Ол  үлкен,
        денелі кісі. Еңбек десе жанып кетеді екен. Жолдас ағай бізге
        орман, аңдар жайында біраз қызықты әңгімелер айтты.
            – Осыдан үш жылдай бұрын орман аралап жүріп бір аюға
        кездесіп қалдым, – деді Жолдас ағай. – Қолымда еш қаруым
        жоқ еді. Қашуға ыңғай болмады. Бір орында тұрып қалдым.
        Қорыққанымнан аюды мойнынан қысып ұстап алдым. Сол
        қалпымда қолым қарысып* бір орында тұрыппын да қалып-
        пын. Жарты сағат алыстық. Бір кезде екеуміз де құладық.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        Біздің  күресті  орманшы  көріп,  жанымызға  келді.  Менің
        қолымды  аюдың  алқымынан  әрең  ажыратты.  Орманшы
        Жарқынбек ағай таңданып: «Аюды жеңген батырым»,– деп
        арқамнан қақты. Жолдас ағаның әңгімесі маған қатты әсер
        етті. Біз отынымызды шауып, ауылға көңілді қайттық.
                                                                  (Ә. Шынбатыров)

                қолы қарысып қалу – сіресіп қатып қалу


                1. Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
                2. Орманда олар кімді кездестірді?
                3. Жолдас ағай қандай қызықты әңгіме айтып берді? Тауып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            оқып бер.
            4. Орманшы Жолдас ағайды неліктен «Аюды жеңген батырым»
            деп атады? Айтып бер.

                   Оқы. Орманшының Жолдас ағаға айтқан сөзін айт.
                   1. Әңгімені дұрыс түсініп оқы.
                2. Орманда Жолдас ағаймен болған оқиғаны айтып бер.
                1. Әңгімені жылдам және мәнерлеп оқы. Мазмұнда.
            2. Сөздікке сүйеніп «қолым қарысып» деген сөздің мағынасын
            аш.

                                                                                     19
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26