Page 23 - 5.3.1
P. 23

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                         Нан қадірі                                              special-edu.kz.

            Жазғы демалыс. Ботагөз ауылға әжесіне келді. Әжесі
        нанды қолдан пісіретін. Әжесінің нанын Ботагөз жақсы
        көреді. Ботагөз нанның жұмсақ жерін жеп, қаттысын тас-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        тайды. Оны көрген әжесі:
            –  Ботагөз,  нанды  қадірлеу  керек.  Сен  нанның  ішін
        жеп, қатты жерін тастайсың. Бұл нан дастарқанға келіп
        жеткенше  көп  адам  еңбек  етеді,  –  дейді  әжесі.  Ботагөз
        әжесінің ақылын тыңдағысы келмейді.
            Демалыс күні тәтесі түскі тамаққа балық қуырды.
            –  Ботагөз,  байқа,  асықпай  же!  Ұсақ  сүйектері  көп
        екен, – деп ескертті тәтесі.
            Бір кезде Ботагөз балықтың сүйегіне қақалып қалды.
            – Мына балықты қайдан ғана әкелдім! – деді тәтесі. Әжесі:
            – Қорықпа, балам, қазір, – деп, нанның қатты жерін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        үзіп берді.
            – Аузыңды толтыра-толтыра шайнап, жұт! Балықтың
        сүйегін алып кетеді, – деді. Ботагөз нанның қатты жерін
        жұтты да:
            – Әже, нанның қатты жері жақсы екен. Тамағымдағы
        қадалған сүйек жоқ болды. Бұдан былай оны тастамаймын.
        Нан – ас, ал қатты жері дәрі де екен, – деді Ботагөз.
            – Міне, балам, наннан үлкен ас жоқ. Бұдан былай нан-
        ды қадірлей біл, – деді әжесі.


                1. Әжесі Ботагөзге не үшін ренжіді? Әңгімеден тауып оқы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                2. Балық жеп отырған Ботагөзге не болды? Әңгімелеп бер.
                3. Әжесі Ботагөзге қалай көмектесті?
            4. Ботагөзге нанның қадірін қалай түсіндірді?
            5. Нанды қалай қадірлеу керек? Айтып бер.


                   Ботагөздің нан туралы айтқан сөзін оқы. Айтып бер.
                   Ботагөздің тамағына балықтың сүйегі кеткен жерді оқы.
            Әңгімеле.
                1. Әңгімені іштей түсініп оқы.
            2. Ботагөздің қандай оқиғаға тап болғанын айтып бер.


                                                                                     21
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28