Page 12 - 5.3.1
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                             Қыз бен аю                                          special-edu.kz.
                                                (ертегі)
                                                     І

                 Бір кішкентай қыз әндетіп келе жатады. Сол кезде:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Орман іші қандай тамаша! Қандай тамаша ән! – деп
             бір гүж еткен* дауыстан қорқып кетеді. Қараса, алдында
             үлкен аю тұр екен. Аю:
                 – Қызым, қорықпа. Мен саған тиіспеймін. Екеуміз дос
             болайық. Бері жүр. Гүлдер өсіп тұрған алаңға барайық.
                 Қыз аюдың жылы сөзінен қорыққанын бірден ұмытып
             кетеді.
                 – Қандай әдемі алаң! Бұл сенің алаңың ба? – деп сұрай-
             ды қыз.
                 – Жоқ, менікі емес, мен мұны жаңа таптым. Сен енді
             осы жерге ойнауға келіп тұрсаң болады,– дейді аю.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Аю, сен қыста ұйықтайсың ба? Қыста менің туған
             күнім,– дейді қыз.
                 – Иә, қыс бойы ұйықтаймын, – дейді аю.
                 –  Маған  үйге  қайту  керек.  Сау  бол!  Сен  жақсы  аю-
             сың,– дейді қыз.
                 – Сенен өтінішім бар. Туған күніңде осы алаңға кел,
             ұмытпа! – дейді аю қызға.
                 – Жақсы,– деп қыз үйіне кетеді.

                     гүж еткен – қатты шыққан


 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     1. Ертегі неге «Қыз бен аю» деп аталған?
                     2. Қыз алаңда не көрді?
                 3. Қыз бен аю не жайында сөйлесті?
                 4. Аю қызға не деп өтінді?

                        Ертегінің кейіпкерлерін ата.

                         Оқы.  Кішкентай  қыз  бен  аюдың  не  туралы  сөйлескенін
                 айтып бер.
                     1. Ертегіні тыныс белгілерін сақтай отырып мәнерлеп оқы.
                 2. Қыз бен аюдың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.

             10
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17