Page 33 - 5.3.1
P. 33

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                           Игілік*                                               special-edu.kz.

            Бірде Бақыт Жомарт деген досына:
            – Мен сені фотоға түсіріп алайын. Туған күніңе үлкен
        қып суретіңді жасап беремін,– деді. Жомарт қатты қуа-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        нады. Бұл жаңалықты үйіне айтып барады.
            Бүгін Жомарттың туған күні. Ерекше асыға күткен қо-
        нағы келмей қалды. Осы оқиғадан кейін Жомарт Бақытқа
        ренжіді. Бұрынғыдай дос болмай қалды.
            Бір күні Жомарт анасымен «Балдырған» журналын қарап
        отырды. Осы кезде есіктің қоңырауы шырылдады. Қараса –
        Бақыт.
            – Кел, Бақыт, жоғары шық, – деді Жомарттың анасы.
            – Жоқ, рақмет. Мен тек Жомартқа фотосуретін әкеліп
        едім.  Соны  берейін  деп,  –  деді  Бақыт  досына  қарап.  –
        Ана жолы туған күніңе жасап берем деп уәде берген едім,
        пленкам күйіп кетіп, сурет шықпай қалды. Оған ренжіме.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Жо-жоқ, – деп Жомарт күле берді.
            – Ә, енді түсіндім сендердің неге жолықпай кеткендеріңді,
        екі дос, – деді Жомарттың анасы. – Игіліктің ерте-кеші жоқ.
                                                                  (Е. Өтетілеуұлы)
                игілік – жақсы іс


                1. Бақыт Жомартқа қандай уәде берді?
                2. Жомарт туған күнінде неге көңілсіз болды?
            3. Жомарт үйіне келген Бақытты қалай қарсы алды? Неге?
            4. Бақыт Жомартты қалай қуантты?
            5. Анасы екі балаға не деді?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                   1. Оқы. Екі баланың неге жолықпай кеткенін айтып бер.
                2. Екі балаға анасының айтқан ақылын айт.
                Жомарттың Бақытқа неге ренжігенін түсіндіріп бер. Әңгімеле.
                1. Әңгімені түсініп оқы. Бақыттың Жомартқа берген уәдесін айт.
            2.  Жомарттың,  анасының,  Бақыттың  сөздерін  рөлге  бөліп
            оқыңдар.
            3. «Игіліктің ерте-кеші жоқ» дегеннің мағынасын аш.

                              Игіліктің ерте-кеші жоқ



                                                                                     31
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38