Page 38 - 5.3.1
P. 38

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                             Үш жолдас                                           special-edu.kz.

                 Дүйсенбі. Оқушылар мектепке
             келді.  Үшінші  сабақ  аяқталды.
             Үлкен  үзіліс  басталды.  Барлық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             балалар асханаға барды. Тамаққа
             кезекке  тұрды.  Арсеннің  көңіл
             күйі жоқ. Шетте тұрып қалды.
                 –  Арсен,  сен  неге  шетте  тұр-
             сың? Неге тамақ ішпей тұрсың? –
             деп сұрады сыныптастары.
                 – Кеше менің туған күнім болды. Үйге қонақтар келді.
             Мен кеш жаттым. Таңертең ұйықтап қалыппын. Анам са-
             лып берген таңғы асымды алуды ұмытып кетіппін, – деді
             Арсен.
                 – Сенің қарның ашатын болды ғой? Олай болса, бізбен
             бірге отыр. Тамақты бөлісіп жейміз, – деді Дидар.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Жоқ, рақмет. Үйге барғанша шыдаймын, – деп жауап
             берді ол.
                 – Арсен, шыдауға болмайды. Мезгілмен тамақтану ке-
             рек. Бөлісіп жеген ас дәмді болады, – деп, үшінші досы
             Қанат өзінің май жағылған нанын бөліп Арсенге берді.
             Арсеннің  көңілі  көтерілді.  Арсен  сыныптас  достарына
             риза болып, бірге тамақтанды.
                                                                              (Д. Көбеева)

                     1. Балалар үзілісте қайда барды?
                     2. Арсен неге шетте тұрып қалды? Әңгімеден тауып оқы.
                 3. Арсен достарына тамақсыз келгенін қалай түсіндірді?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 4. Қанаттың қандай жақсы қасиетін байқадың?
                 5. Әңгіме неге «Үш жолдас» деп аталған?

                        Асханадағы тамақтанудың немен аяқталғанын айтып бер.
                        1. Тамақсыз келген Арсенге достарының айтқан сөздерін
                 өзара айтыңдар.
                 2. Арсеннің жолдастарының жақсы қасиеттерін айт.
                     1. Әңгімені мәнерлеп оқы. Асханада болған оқиғаны әңгімеле.
                 2. Арсен мен жолдастарының сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.


             36
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43