Page 36 - 5.3.1
P. 36
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сәкеннің жеңісі special-edu.kz.
I
Футболға дайындық
Сәкеннің әкесі футболшы. Сәкен әкесімен футболға жиі
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
барады. Әкесі сияқты футболға қызығады.
– Әке, мен де өскенде футболшы болуды армандаймын, –
деді бірде ол әкесіне.
– Неге футболшы болғың келеді? – дейді әкесі.
– Сізге ұқсағым келеді. Футболшы – шыныққан, шы-
дамды, жылдам жүгіретін адам. Ол тек өз күшіне сенуі ке-
рек. Мен сондай адам болуды армандаймын, – деді Сәкен.
– Онда сен қазірден бастап дайындалуың керек. Мен
саған доп алып берейін, – деді әкесі.
Ертесі Сәкен ата-анасымен бірге қалаға доп алуға кетті.
Қалада бірден доп сататын дүкенге келді. Сәкен ең
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
әдемі допты таңдап алды. Добы қызыл ала, көздің жауын
алады*. Футболдың жеңісі допқа байланысты екенін Сә-
кен жақсы біледі.
Бұл күні футболдан көрші балалармен жарыс болуы ке-
рек еді. Түс болды. Көрші ауылдың балалары ойын өтетін
жерге жиналды. Доптарын ала келіпті. Сәкен болса әлі
жоқ. Сәкеннің достарының өздеріне деген сенімдері аз еді.
Бар үміттері Сәкенде болатын. Бірақ Сәкен кешігіп жатыр.
көздің жауын алады – әдемі, көз қызығатындай
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Сәкеннің әкесі кім?
2. Сәкен әкесімен жиі қайда барады?
3. Ол кім болуды армандайды?
4. Футболшы қандай болу керек?
5. Сәкен қай допты таңдады? Неге?
Сәкеннің кімге ұқсағысы келгенін айт.
Оқы. Сәкеннің арманы туралы айтып бер.
1. Іштей оқы. Сәкеннің футболға қалай дайындалғанын әң-
гімеле.
2. Сен футболды ұнатасың ба? Ойын ережесін айтып көр.
34
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.