Page 45 - 5.3.1
P. 45
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ІІ special-edu.kz.
Кезек Дарханға келді. Ол садақты тартып қалды. Жебе*
бірінші қабаттағы үйдің терезесін сындырды. Ербол мен
Дархан қаша жөнелді. Дархан жүгірген бойы үйіне келді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Саған не болды? – деп сұрады. Дархан болған оқиға-
ны айтып берді.
– Мен әдейі істеген жоқпын, әке. Байқамай қалдым
ғой,– деді Дархан. Кінәсін мойындады.
– Мұның дұрыс болмаған екен, ұлым. Терезесін сын-
дырған үй иесіне барып кешірім сұрамағаның ұят. Мен
терезенің әйнегін алып келейін.
Дархан әкесі екеуі терезесі сынған үйге келді. Есікті
көзілдірік киген үлкен кісі ашты.
– Ағай, кешіріңіз, – деді Дархан. – Мен байқамай
сіздің үйдің терезесін сындырып алдым.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Ә-ә, – деді үй иесі, – біздің үйдің ішіне түскен жебе
сенікі болды ғой.
– Менің балам бір қателік істепті. Кешіріңіз,– деді
әкесі. Дархан мен әкесі үйге қайтты.
– Балам, адамдарды сыйласаң, олар сені құрметтей-
ді. Татулық, осындай қасиеттен басталады. Тек сен осы
сөзімді ұмытпа! – деді әкесі. Дархан өз қателігінен біраз
сабақ алды*.
(Ә. Қосанов)
жебе – садақтың оғы
қателігінен біраз сабақ алды – түсінді
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Ойынның түбі екі баланы неге ұшыратты?
2. Өз істерінен қорыққан балалар не істеді?
3. Көршінің үйіне әкесімен барған Дархан өз кінәсін қалай
мойындады?
4. Көрші ағай Дархан мен әкесіне не деді?
Әкесі баласына «ұмытпа» деп қандай сөз айтты? Айтып бер.
Әкесі баласына қандай өсиет сөз айтты. Әңгімелеп бер.
1. Әңгімені түсініп, рөлге бөліп оқы. Бөлімге ат қой.
2. Дарханның өз кінәсін қалай мойындағаны туралы айтып бер.
43
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.