Page 64 - 5.3.3
P. 64

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                    Сабақтың ақпараттық картасының үлгісі

                                          Күз

              Бұл тақырыптың айрықша ерекшелігі – оған күз суретін көз
           алдымызға әкелетін шығармалардың енгендігінде. Ондағы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           көркем мәтіндерде берілген күз суреттері – алғаш басталуы
           мен соңғы шағына дейінгі кезеңдерін қамтиды.
              Сөйтіп, «Күз» тақырыбын шартты түрде үш тақырыпшаға
           бөлуге болады: күздің басталуы, алтын күз, күз соңы (ақы-
           ры).  Бұлайша  тақырыпшаларға  бөлу  –  мұғалімнің  жеке-
           леген шығармаларды тақырыптың жалпы бағытын сақтап
           оқытудың әдісін анықтауға жәрдемдеседі.
              Тақырып материалдарымен жұмыс барысында бірнеше
           міндетті бірден шешуге тура келеді: балалардың табиғатқа
           тікелей бақылау жасауын белсендіре түсу, сөйтіп көркем
           шығарманы оқу кезінде көрнекі тірек етіп пайдалану, сөз
           арқылы жасалған көркем бейнелерді айқын және мақсатты
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қабылдауға жету, туған табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ту-
           дыру, табиғатқа қамқорлықпен қарау көзқарасын қалып-
           тастыру, оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру.
              Бірінші  сабақ.  Кіріспе  сабақ  өтіледі  (1  сағат).  Бұл
           сабақта мұғалім оқушыларды «ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ»
           оқулығымен, оқулыққа берілген жұмыс дәптер мазмұнымен
           таныстырады. Осы оқу жылында «Оқу және тіл дамыту»
           пәнінде қазақ ауыз әдебиеті шығармаларымен танысамыз,
           қызықты  ертегі,  әңгімелер  оқимыз,  мақал-мәтелдердің
           мағынасын ашамыз,оларды жаттаймыз, жұмбақ жасырып
           үйренеміз, жаңылтпаштарды жаңылмай айтуға жаттығамыз
           деп  түсіндіреді.  Осылардың  барлығы  қазақ  халқынын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тұрмысын,  мәдениетін,  өнерін  танып  білуге  мүмкіндік
           беретінін айтады.
              Осы  оқулықтың  көмегімен  көптеген  әңгімелерді  оқып,
           мазмұнын  еркін  айтасыңдар,  көптеген  өлеңдерді  жатқа
           білетін боласыңдар деп түсіндіреді.


           62
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69