Page 65 - 5.3.3
P. 65
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Оқулықта бірнеше тарау бойынша білім алатындарын
айтады:
– Туған табиғат көрінісі: жылдың төрт мезгілі
– Халық ауыз әдебиеті
– Менің Қазақстаным
special-edu.kz. special-edu.kz.
– Жануарлар әлемі
– Жақсылыққа асығыңдар
Мұғалім суретке назар аударып, 1 қыркүйек – Білім күні
туралы әңгіме жүргізеді (Мектеп суреті, оқушылар мектепке
бара жатыр, қолында гүлдері бар, мектеп табалдырығында
мұғалім оқушыларды қарсы алып тұрған сурет). Сен мектепке
қандай оқу құралдарын алып келдің? Қалай дайындалып
келгеніңді айт. Сабақ соңына қарай оқушылар өздерінің
жазғы демалысы жайында, сабаққа қандай дайындықпен
келгені туралы әңгіме айтады.
Екінші сабақ. Мақал-мәтелдер (1 сағат). Мұғалім оқушы-
лармен мақал-мәтелдер оқып, олардың мағынасын ашады,
special-edu.kz. special-edu.kz.
мысалдар келтіріп, естерінде сақтауын талап етеді. Мақал-
мәтелдер мазмұнына сәйкес суреттермен жұмыс жүргізеді.
Отан, еңбек туралы мақалдарды жаттап келуге тапсырма
береді. (1сағат).
Жұмбақтар оқып, жауабын таба білуге үйретеді. (1 сағат).
Күрделіліктің екінші (орташа) деңгейіндегі оқушылар
жұмбақ жауабын суретке сүйеніп шешіп үйренеді. Сурет
арқылы әңгімелеу арқылы жұмбақ жауабын дұрыс шешуге
үйретеді.
Жаңылтпаштар (1 сағат). Жаңылтпаштар не туралы еке-
нін анықтап, оларды анық, мәнерлеп, дұрыс, жылдам оқуға,
айтуға жаттықтырады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Санамақтар (1 сағат). Санамақты түсініп оқытады. Жат-
тауға тапсырма береді. Оқушылардың өздері білетін сана-
мақтарын қайталатады.
63