Page 5 - 5.9.3
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
special-edu.kz. special-edu.kz.
Қазақ тiлi – өзiндік сөздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ
тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚
ұлттық тiл деңгейiне көтерiлген қазақ халқының ұлттық тiлi‚
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi. Мемлекеттік
тіліміз – қазақ тілін өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күл-
лі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің
өзекті де келелі мәселесі. Сондықтан да орыс тілді мектеп-
терде жүйелі оқыту үдерісін қалыптастыру бүгінгі күннің
басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың
тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру
әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына бай-
ланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі
special-edu.kz. special-edu.kz.
пәні мұғалімдерінің мақсаты – қарапайым түрде күнделікті
тұрмысқа, оқуға қатысты тақырыптар мөлшерінде оқушы-
лардың ауызекі сөйлесу, түсіну, өз ойын қазақ тілінде жеткізе
білу дағдыларын дамыту және әлеуметтік ортада Қазақ тілін
оқыту арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы
өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше
білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.
Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағ-
дыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жа-
сауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жет-
кізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде беріл-
ген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне
special-edu.kz. special-edu.kz.
қажетті мәліметті ала алады.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат – өзге тілді оқушы-
ларды қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар ал-
дымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп,
3