Page 9 - 5.9.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             Мұғалім  оқушыға  арналған  тапсырманың  күрделілігін
           баланың әртүрлі әрекеттердегі жетістіктерін бақылау негізін-
           де  таңдайды.  Мұғалім  оқушыға  арналған  тапсырманың
           күрделілігін 1-деңгейден 3-деңгейге дейін біртіндеп, дәйек-
           тілікпен арттырады. Алайда мұғалім күрделіліктің барлық
           деңгейінің әр оқушы үшін қолжетімді болмауы мүмкін еке-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           нін есте сақтауға міндетті. Оқушы өзінің мүмкіндігіне сәйкес
           оқу материалымен, мысалы, күрделілігі 1-деңгейдегі мате-
           риалмен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
             Оқушы мәтінде өзіне берілген деңгейдегі тапсырмаға қол
           жеткізсе, онда мұғалім ол оқушыны келесі деңгейлік тап-
           сырмаға көшіріп отырады.
             Сондай-ақ оқулықта өтілген сабақты бекіту мақсатында
           берілген диалогтік сөйлеуге арналған тапсырмалар бар.
           Бастапқыда  мұғалім  баламен  диалогке  түссе,  кейіннен
           балалардың өзара сөйлесуіне жағдай тудыруға болады.
           Балаларды сөйлеуге қызықтырып, ойын түрінде өткізген
           тиімді болады. Бала жиі сөйлегенде ғана оның тілі жат-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тығып, сөйлеуге машықтана бастайды. Балаларды сөйлеу-
           ге ынталандыратындай өмірлік жағдаяттарды ұйымдастыру
           тиімді болады. Диалогтік сөйлеу кезінде иллюстрацияларды,
           суреттерді, сызбаларды пайдалануға болады.
             Жұмыс дәптері оқулықтың және оқушылардың әрбір са-
           бақта орындайтын заттық-практикалық әрекеттерінің маз-
           мұнын толықтырады. Жұмыс дәптері оқушының сабақтағы
           жеке өздік жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
             Жұмыс дәптерімен жұмыс барысында оқушының зейі-
           нін қалыптастыру, талдау және жинақтау әрекетіне, салыс-
           тыруға, көрнекілікті үйлестіруге, өзін-өзі бақылауды дамытуға
           жағдай жасалады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Жұмыс  дәптерінде  сөз,  сөйлем,  шағын  мәтінді  жазу
           дағдыларын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар берілген.
           Жұмыс дәптерінде қазақ тіліне тән әріптері бар сөздерді
           жазу, жазылған сөздерді оқу, берілген сөздерді, сөйлемдерді


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14