Page 11 - 5.9.3
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ
5-СЫНЫБЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ
ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арнайы білім беру мектептерінде қазақ тілін оқыту мұ-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ғалімнің сабаққа аса жауапкершілікпен қарап, шығарма-
шылықпен өткізуін талап етеді. Сонымен қатар мұғалім өзі-
нің әр оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау
және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай
жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қару-
ландырады. Оқушының психологиясын білмей тұрып қазақ
тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пай-
далану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың
жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму
үдерісін, жалпы жетілуін есепке алмайынша мақсатқа жете
алмайды. Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың
формалары мен мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені
special-edu.kz. special-edu.kz.
анықтауда дидактикалық қағидаларды басшылыққа алады.
Сондай-ақ қазақ тілін оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі
қатысымдық әдіс болып табылады. «Коммуникация» сө-
зінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабар-
ласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп,
адамдардың тіл арқылы сөйлесу үдерісін, тілдесу ерек-
шеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін,
адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті
көрсетеді. Осыған байланысты қатысымдық әдістің негізгі
мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым,
тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу. Тілді үйретуде
қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны
special-edu.kz. special-edu.kz.
кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дә-
режеге жеткізу мүмкін емес. Сол себепті де мемлекеттік
тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде дүниежүзінің
әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп
9