Page 13 - 5.9.3
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы – өзекті даму аймағы.
Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген
бірінші күннен бастап «жақын даму аймағында», дәлірек
айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек.
Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиім-
ділігінің көрсеткіші – әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға
special-edu.kz. special-edu.kz.
әзір тұруы. Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында
жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталан-
дырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табы-
сына назар аударушы. Себебі әр оқушының өз «жақын даму
аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін
ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін бала өзінің
бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа
мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі
керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы
артады, білім алуға әрекеттенеді.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған
special-edu.kz. special-edu.kz.
міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың
бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс
арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке кел-
тіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып,
оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді
түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың
танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді бі-
луді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын
жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды
хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушы-
лардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-
ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсіну-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері:
− ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
− мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
− оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
11