Page 14 - 5.9.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
− жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына
кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің
басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу,
ұйымдастыру. Оқыту құралдары – білім алу, дағды, икемділік-
терді қалыптастыру көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулық,
special-edu.kz. special-edu.kz.
жұмыс дәптері, дидактикалық материалдар, кестелер, әр-
түрлі нақты нысандар және т.б..
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі
құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.
Мысалы, қазақ тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында
оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұға-
лім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа
көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды
түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру
әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ
бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де
қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
special-edu.kz. special-edu.kz.
− сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;
− себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
− салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қол-
дану;
− жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар
тобымен жұмыста кең қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтік әдісі. Мұғалім оқушы-
ларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы
олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап,
бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді.
Әңгімелесу – дидактикалық әдістің ескі түрі. Оны Сократ
special-edu.kz. special-edu.kz.
шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сок-
рат әдісі деп те атайды. Білім мазмұнында оқушының өзін-
дік ойлау қабілеттерін, жеке көзқарастарын дамытуға
тірек болар негізгі өзекті тауып, барлық ұғым-түсініктерді
12