Page 15 - 5.9.3
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
соған сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, са-
бақта, сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу үдерісінде
оқушының білімді өздігінен меңгеруіне, өзіне деген сенім-
ділігін арттыруға, әртүрлі өмір жағдаяттарына дұрыс жол
табатындай қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағыт-
талатын жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні сонша-
special-edu.kz. special-edu.kz.
лықты үлкен. Соңғы жылдары отандық та, шетелдік те
әдіскерлердің еңбектерінде тіл пәнін оқытуға қатысты
айтылып жүрген ой-тұжырымдарын саралап қарағанда,
мынадай әдіснамалық ұстанымдардың ерекшеленіп
көрінетіні байқалады:
− білім беруді қоғамның сұранымына сәйкестендіру;
− білімді оқушының өміріне ең қажетті біліктіліктерін
жетілдірудің базасы ретінде жүйелеу.
Оқыту орыс тілінде жүретін арнайы мектепте қазақ тілін
оқытудың негізгі шартының бірі мұғалімнің сөйлеу мен оқу
мәнері болып табылады. Мұғалімнің қазақ тілінде сөй-
леуі анық, түсінікті, фонетикалық, лексикалық және грамма-
special-edu.kz. special-edu.kz.
тикалық жағынан қатесіз болуы тиіс.
Арнайы мектепте мәтінді бірінші рет оқуына ерекше
көңіл бөлінеді. Өйткені мәтінді алғашқы қабылдауы оның
мағынасын түсінуіне үлкен әсер етеді. Егер де оқушы
алғашқыда материалды дұрыс түсінбесе, ол кейін материал-
ды еске түсіру кезінде дәл осы қатесін ұзақ уақыт қайталап
отырады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы мек-
тепте мәтінді бірінші рет міндетті түрде мұғалім өзі оқуы ке-
рек. Бірінші рет оқығаннан кейін мұғалім екі-үш сұрақ қою
арқылы оқушылардың мәтіннің мазмұнын қаншалықты
түсінгенін анықтайды. Содан кейін мұғалім мәтінді екінші рет
оқиды, оқушылар кітапқа қарап бақылап отырады. Қайталап
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқу барысында оқу жылдамдығын баяулату керек, себебі
оқушылар кітапқа қарап бақылап үлгеруімен қатар, сөздің
айтылуының мәнерлілігіне, ырғағына назар аударулары
керек.
13