Page 16 - 5.9.3
P. 16

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Қазақ тіліне үйретуді күнделікті күн тәртібін орындау ке-
          зінде (серуен, кезекшілік, ойын) жетілдіру тиімді. Сонымен
          қатар қазақ тілде сөйлеу дағдыларын тіл материалының
          меңгерген көлемінде әртүрлі мерекелі шараларда, теледи-
          дар  бағдарламаларын,  фильмдер  көру,  радио  бағдар-
          ламаларын тыңдау арқылы белсендіріледі.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Бағдарламада  қазақ  тілін  оқу  барысында  оқушы-
          лардың  меңгеретін  негізгі  білік,  дағдылары  анықталған.
          Оқушылардың білімі мен дағдылары әңгімелесу, ауызша
          және жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы тексеріледі.
          Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстары өткізілмейді. Жеңіл
          ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылардың  жетістіктерін  баға-
          лау бағалаудың тек ішкі құралдары арқылы іске асырылады.
          Оқу бағдарламасын меңгеру нәтижелерін мұғалім сабақ
          барысында бағалайды. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушы-
          ларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымды (сабақтық),
          мерзімді (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          іске асады.
            Ағымды бақылау сабақ үстінде оқушылардың әрекетін,
          практикалық және өзіндік жұмыстарын, әрекеттің ұжымдық
          түрлерін  бақылау  арқылы  жүргізіледі.  Оқу  үдерісінің
          сапасын қамтамасыз ету үшін мұғалім қолданатын оқыту
          әдістері  мен  мазмұнын  түзету  мақсатымен  сабақтық
          бақылау  жүргізіледі.  Оқушыларға  қатысты  бұл  бақылау
          ынталандырушы және тәрбиелеуші фактор ретінде қарасты-
          рылады. Мерзімді бақылау белгілі тарауды, бағдарламалық
          тақырыпты өтіп аяқтағаннан кейін нәтиже сабақ барысында
          жүргізіледі. Қорытынды бақылау әр тоқсан сайын және оқу
          жылы соңында жүргізіледі. Мұғалім оқу жылы бойы міндетті
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          түрде сыныптағы оқушылардың әрқайсысының даму дина-
          микасы мен жетістіктеріне талдау жасап отырады. Бағалау
          процедурасы кезінде алған ақпарат мұғалімге дағдылар
          мен  біліктілікті  меңгеру  үдеріcінде  пайда  болған  қиын-


          14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21