Page 12 - 5.9.3
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті
          мәселелерінің бірі.
            Қатысымдық әдісті пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке
          байланысқа негізделіп, тілді адамдардың тікелей қарым-
          қатынасы арқылы үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда
          үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни тікелей қатынас бол-
          маса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге бай-
          ланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған
          қатысты орындалатын жұмыстар мен тапсырмалар қандай,
          оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен
          қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған
          мақсатқа жету мүмкін емес. Оқыту мен дамыту арасында
          тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті
          дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
          түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар
          орнын анықтаған – көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол
          «дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          үрдіс» деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш
          рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы
          жайлы ілім ұсынды:
            − бала дамуының жақын аймағы;
            – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын
          істері;
            − бала дамуының қол жеткен аймағы;
            – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
          Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге
          асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара
          қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашы-
          лады. Л. С. Выготский оқыту мен дамудың байланысын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          зерттей келе: «Егер оқыту баланың өзекті даму аймағында
          жүрсе, онда ол баланы дамытпайды», – деді. Өзекті даму
          аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал
          ересектермен ынтымақтаса істей алатыны – жақын даму


          10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17