Page 7 - 5.9.3
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

              ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                          ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             Оқулық  пен  жұмыс  дәптерінде  берілген  оқу  материа-
           лы  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушыларға  арналған
           «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           (оқыту қазақ тілінде емес) бағдарламасының мазмұнына
           сәйкес.  Оқулық  пен  жұмыс  дәптеріндегі  оқу  материалы
           зерде бұзылыстары бар балаларға арналған қазақ тілін
           оқытудың  арнайы  әдістемесіне  сәйкес  оқушыларға  та-
           ныстыру  бағытында  орналасқан.  Қазақ  тілін  оқыту  оқу-
           әдістемелік  кешені  оқушылардың  қазақ  тілінде  түсіну-
           ге, сөйлеуге, танымдық үдерістерін дамытуға жағдай туды-
           рады.  Оқулық  пен  жұмыс  дәптерінің  басты  міндеті  –
           зерде  бұзылыстары  бар  оқушылардың  меңгеретін  ма-
           териалды  оң  әсермен  қабылдауға  ықыласын  артты-
           ру.  Сол  себепті  балалардың  оқуына  арналған  оқу
           құралдары  әдемі  безендірілуге,  суреттерінің  бояулары
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қанық  болуға  тиісті.  Сабақта  өтілетін  күрделі  болады-
           ау  деген  тақырыптарға  тірек  ретінде  қосымша  суреттер
           берілгені  дұрыс.  Сонымен  бірге  ол  оқушының  зейінін
           аударып, қызығушылығын тудырады. Оқулық пен жұмыс
           дәптерінде берілген тапсырмалардың деңгейленіп берілуі
           ата-аналардың балаларға көмектесуіне мүмкіндік береді.
           Қазақ  тілін  меңгерту,  оған  деген  қызығушылықты  туды-
           ру  үшін  дамуында  ерекшеліктері  бар  балалардың  қа-
           былдау, зейін қою, есте сақтау, ойлау секілді танымдық қабі-
           леттерді қатар дамыту өте маңызды болады.
             Оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі суреттердің көпші-
           лігі ортақ тақырыптың, сабақ тақырыбының қандай да бір
           тапсырмасына  бағыныңқы,  олар  баланың  қабылдауына
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жеңіл әрі көрнекі түрде берілген, зейінді дамытуға, балада
           талдау жасау қабілетінің оянуына, қиялы мен елесін оятуға
           ықпал етуге көмектеседі. Оқулық пен жұмыс дәптерінде
           мәтіндер, өлеңдер, диалогтер, әртүрлі жаттығулар берілген,


                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12