Page 8 - 5.9.3
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
бұлардың барлығын бала меңгермеуі де мүмкін, алай-
да материалдардың жеткілікті көлемде болуы мұғалімге
сабақты шығармашылықпен өткізуіне көмектеседі. Кейбір
материалдар, суреттер мұғалімге тақырыптық-көріністік не-
месе рөлдік ойындар ұйымдастыруға бағдар береді. Оқыту
үдерісіне ойын элементтерін енгізу зерде бұзылыстары
special-edu.kz. special-edu.kz.
бар балалар үшін сабақтарды қызықты, тартымды етуге
көмектеседі. Оқулықтағы мәтіндердің көлемі бағдарлама та-
лабынан үлкен болуы да мүмкін. Бұл жерде мұғалім оқытуға
баланың даму, қабылдау мүмкіндігіне қарай, мәтінді тұтас
бермей, мәтіннен үзінділерді ғана беруіне болады.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
деңгейі бойынша бірдей емес. Тапсырманың күрделілік
деңгейінің шартты белгілері бар. Түрлі түсті дөңгелектер шарт-
ты белгі ретінде пайдаланылған.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді. Сөздерді, сөз тіркестерін, жеңіл мәтіндерді түсініп
оқу, мұғалімнің, сыныптастарының айтқандарын тыңдау,
special-edu.kz. special-edu.kz.
оның атаған зат пен нысанның суретін немесе сюжеттік су-
ретті тану, көрсету және атау талап етіледі. Қойылған сұрақ-
қа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін, яғни оқушының оқулықтың материалдарының
өзара қатынасын түсінуін және мұғалімнің айтқанын қайталай
отырып, үйретілген айтылымдарды өз сөйлеу тілінде
пайдалана білуін, оқуын білдіреді. Қойылған сұрақтардың
мағынасын түсініп, бір-екі сөзбен жауап бере алады.
Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің үшін-
ші деңгейін, яғни мәтінді оқу және иллюстрацияларда бей-
неленген нысандарды атау, олардың арасындағы себеп-
салдарлық байланысты түсіну, заттар мен нысандардың
special-edu.kz. special-edu.kz.
қасиеттерін талдау, салыстыру және тұжырымдау әрекет-
терін орындағанда белгілі бір дербестікті білдіреді. Кітаптағы
иллюстрациялар бойынша шағын әңгіме құруға талпынады.
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
6