Page 137 - 7.1.1
P. 137

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                  6-тапсырма. 1. Мәтінді оқы. Мазмұнын айтып бер.                                special-edu.kz.

                                       Сүйкімді көжек

            Ұлжан  өте  зерек  қыз.  Демалысқа  шыға  салысымен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        ауылдағы нағашыларына барғанды жақсы көреді.
            Ауыл балаларының жатырқамайтын көпшілдігін ұна-
        тады. Бірге суға түсіп, алтыбақан теуіп, атқа мініп мәз
        болады. Кішкентай қозы-лақты көргенде, тіпті қуанышы

        қойнына сыймай кетеді.
            Бірде үй сыртындағы жыңғыл жаққа қарап екі-үш ит-
        тің  қосарласа  үріп  тұрғанын  байқады.  Айдос  екеуі  жү-
        гіріп барып қараса, кішкентай көжек. Кәдімгі зообақтан
        көретін қоянның көжегі. Ол бір уыс боп бүрісіп қалған.
            – Қандай сүйкімді! Үйге апарып асырайықшы, – деп
        Ұлжан қиыла бастады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            –  Жоқ,  асырамаймыз.  Өйткені  ол  дала  қояны.  Үйге
        үйрене қоймас, – деді атасының тәрбиесін алған Айдос.
            Аталары көпті көрген, мейірімді адам. Ол:
            – Асырауға болады, бірақ өз еркімен өскені жақсы. Ол
        да көбейіп өз ұрпақтарын әкеледі. Осылай ұрпақ жалға-

        сады, – деді.
            Ұлжанның  есіне  дүниетану  сабағынан  «Ұрпақтар
        жалғасы»  тақырыбы  түсе  кетті.  Айдоспен  келісіп,  кө-
        жекті өз еркіне жіберді. Ол секең-секең етіп, жорта ба-
        рып, отыра қалды. Қайта-қайта артына қарай берді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Ұлжан оны көжектің өзіне айтқан «рақметі» деп қа-
        былдады.
            Атасының ақылын алып, табиғатқа, қоршаған ортаға

        титтей де болса өз үлесін қосқанына риза болды.
        2. Қарамен жазылған сөйлемдерге қыстырма сөзді қосып жаз.








                                                                                   135
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142